KZ

«University Chess Cup»

Университеттер арасындағы шахмат турнирі



2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында| Алматы қаласы
Еуразия технологиялық университеті, Төле би көшесі, 109Б
Жалпы жүлде қоры: 3 000 000 теңге
  • Жарысқа қатысушылар
    Турнирге бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура студенттері қатыса алады.
    • Қатысушылардың жасы 18-ден 25 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек.
    • Қатысушылардың туған жылы 2007 жылдан кіші емес және 2000 жылдан үлкен болмауы керек.
    • Қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек.
    • - Қатысушылар турнирге дейін кем дегенде бір толық семестр университетте оқуы керек.
  • Турнир түрі
    Командалық турнир
    Команданың құрамы: 4 ойыншы
    • 3 ойыншы ерлер тақтасында
    • 1 ойыншы әйелдер тақтасында
    • Команда құрамында капитан болуы міндетті.
    • Капитан команда қатысушыларының арасынан тағайындалады.
    • Әйелдердің ерлер тақтасында ойнауына рұқсат етіледі.
Тіркеу жабылды